Сотталғандарға бақылау күшейеді

(0 Votes)

Маусым айының 17-сі мен 23-і күндері аралығында ауданда «Шартты түрде» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Бұл пробация қызметтерінің өзара іс-қимылының тиімділігін арттырып, пробация қызметінде есепте тұрған адамдардың жаңадан құқық бұзушылықтар жасауының алдын алады.

Аудандық Пробация қызметі тобының есебінде қазіргі таңда барлығы қоғамнан оқшалаумен байланысты емес жазаға сотталған 47 адам есепте тұр. Қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталғандармен профилактикалық сұхбаттасу жүргізіліп, тексеріс барысында жазаны өтеу тәртібін бұзбауға сот жүктеген міндеттерді орындауға пробация қызметкерлеріне хабарламай тұрақты мекен-жайын өзгертпеуге, алкогольдік ішімдік ішілетін жерлерге бармауға және әкімшілік құқық бұзушылық жасаған сотталғандарға қатысты тиісті шара қолданылатын болады.

Сонымен қатар қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес сотталған тұлғалар пробация қызметінің бақылауынан бой тасалаған жағдайда немесе көрсетілген талаптарды орындамаса, шартты сынақ мерзімі ұзартылатыны және жазасының күші жойылып, бас бостандығын айыру жазасына ауыстырылатындығы туралы жауапкершілігі түсіндірілуде.

Шара кезінде сотталғандардың тұрғылықты жерін анықтау, әкімшілік деректер базасына және полиция бөлімшелерінің басқа да есептері бойынша қызметтік тексерістер жүргізіледі.

Өз тілшіміз

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521