Бүгін ауданда “Шұғыла” демеушілік және қайырымдылық бағдарламасы бойынша жиын өтті.
Жиынға аудан әкімі Азамат Мәмбетов және кент, округ әкімдері мен дербес бөлім басшылары, ардагерлер, үкіметтік емес ұйымдар, аудан кәсіпкерлері және NCOC компаниясының жергілікті мемлекеттік органдармен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің өкілдері қатысты.
Алдымен аудан әкімі Азамат Саматұлы жиынды ашып, кездесудің мақсатын айтып өтті.
Кездесу барысында NCOC компаниясының өкілдері “Шұғыла” ДжҚ бағдарламасы арқылы іске асырылған әлеуметтік жобалар бойынша есеп беріп, 2025 жылға арналған “Шұғыла” демеушілік және қайырымдылық жобалар байқауына өтінім беру шарттары туралы ақпараттар берді.
Аталмыш байқаудың мақсаты - облысымыздағы әлеуметтік маңызы бар жобаларды қолдау болып табылады.
Әрі қарай, қатысушылар тарапынан аталған бағдарлама аясында бірқатар сұрақтар қойылып, тиісінше жауаптар берілді.
Кездесу соңында аудан әкімі Азамат Саматұлы кәсіпкерлікті дамыту басты мақсат екендігін айтып, осы тұрғыда өз ұсыныстарын жеткізді.
Ә.ҚАСЫМ