«Nur Otan» партиясы атынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткер, аудандық сайлауалды штабы төрағасының орынбасары Әсел Қаржауова «Есіктен есікке» акциясы аясында Локоматив және 60 пәтерлік тұрғын үй тұрғындарына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Кандидат «Өзгерістер жолы» сайлауалды бағдарламасының бірнеше басымдықтарымен таныстырып, сайлаушыларға партияның мақсат-міндеттерін түсіндірді.
Сайлауалды бағдарламаның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үздіксіз жақсарту үшін жағдай жасау.
Оның ішінде денсаулық сақтау саласының жұмысын реттеп, медицина сапасын арттыру, кадр тапшылығын жою, аймақтарда диагностика мен емдеуді қолжетімді етуі, медициналық сақтандыру қорының ашықтығын қамтамасыз ету жолдарын атап өтті. Өз кезегінде тұрғындар сайлауға қатысып, партияға қолдау білдіретінін жеткізді.
Кездесу барысында үміткер сайлаушыларға үгіт-насихат материалдарын таратып, алдағы 10 қаңтарда өтетін сайлауға қатысып, дауыс беруге шақырды.
«Nur Otan » партиясы еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың бірлігіне, еліміздің гүлденуіне және әрбір қазақстандықтың игілігіне жұмыс жасауды жалғастырады.
М.Ізтұрғанова
«Nur Otan» партиясының Атырау облысы, Мақат ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді