"Туған жер" саябағы ашылды

(0 Votes)

Бүгін Мақат кентіндегі теміржол вокзалы маңынан «Туған жер» атауымен жаңа саябақ ашылды.

Ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Хайдар Мақсотұлы жиналған көпшілікті Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде жүзеге асқан жаңа саябақтың ашылуымен құттықтады. Саябақта аудан тарихының деректері арнайы тақталардан орын алса, 3D форматтағы композициялар ұлттық салт дәстүріміз бен ұлттық ойындарды дәріптейді.

Шығыс бөлігі «Ерлікке тағзым» ескерткішімен ұштасса, оңтүстігі вокзал алаңқайына ұласады. Саябақ маңына жас аршалар егілген. Алда көгалдандыру жұмыстары күтіп тұр. Саябаққа бір мезгілде 100 адам еркін пайдаланатын WI-FI құрылғысы орнатылды.

 

Материалдың толық нұсқасын «Мақат тынысы» газетінің 18 қазан күнгі №42 (896) санынан оқи аласыздар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521