Оқушылар «Қобыландыны» жатқа соқты

(0 Votes)

Елбасының тікелей бастамасынан бастау алған "Мәдени мұра" бағдарламасының түп мақсатына зер салар болсақ, халықтық қазынаның қадір-қасиетін, ұлттық ұлағатты мәдени жәдігерлер негізінде жас ұрпақтың санасына сіңіру болып табылады.

Ұлттық мәдениеттің ең үлкен бір саласы - көркем әдебиет десек, сол әдебиеттің ертеден келе жатқан әлеуметтік жүгі мол, кең өрісті саласының бірі - батырлар жыры. Н.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар; рухани жаңғыру" мақаласында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында аудандық мәдениет үйінде "Батырлар жырын білесіз бе?" атты батырлар жырын айтушылар байқауы өтті.

Байқау 3 кезең бойынша өтті. Ауданның орта мектептерінен 7 оқушы қатысты. Қатысушыларға "Қобыланды батыр" жырын жатқа айту, жыр ішіндегі жекелеген оқиғалар мен жер-су атауларына қатысты сұрақтар, жырдың ішіндегі көнерген, тарихи сөздердің мағынасын ашып түсіндіру сұралды. Жарыс барысында шығарманы айту мәнеріне және әртістік шеберлегіне назар аударылды.

Батырлар жырын нақышына келтіріп, жатқа айтушыға басымдық берілді. Осы кезеңдерден сүрінбей мәреге жеткен оқушылар қатарында Л.Шахатов орта мектебінен қатысқан Айкөркем Мақсотова ІІІ орынға, ІІ орынға Бәйгітөбе мектеп-балабақшасынан қатысқан Серік Русланұлы, І орынға Абай орта мектебінен қатысқан Айымгүл Қуандыққызы ие болса,Б.Қанатбаев орта мектебінен қатысқан Ақсерік Жеңісбекұлы бас жүлдені жеңіп алып, ұйымдастырушылар атынан арнайы диплом және естелік сыйлықтармен марапатталды.

А.ТАУМУРИНОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521