Ұлттық ойындарға ұмтылыс зор

(0 Votes)

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен мереке күні арқан тарту, кір тасын көтеру, білек күшін сынасу, ләңгі ойыны, қой көтеру, асық ату және қазақ күресінен көпшілік арасында жарыс өтті. Көпшілік шараға 162 талапкер қатысып, бақ сынады.

Арқан тартудан жарысқа 12 команда құрамында 60 адам қатысып, «Қалпына келтіру пойызы -1» командасы I-ші орынды, «Мақат желілік өндірістік басқармасы командасы» II-ші орынды, «Қалпына келтіру пойызы-2» командасы III-ші орынды жеңіп алды.

Ләңгі ойынына 30 адам қатысып, нәтижесінде I-ші орынды Айдын Хасанов, II-ші орынды Еркебұлан Бейбітұлы, III-ші орынды Дархан Есеев жеңіп алды. Асық атуға 35 талапкер мергендік танытып, I-ші орынды Мұрат Қайыров, II-ші орынды Мұрат Утаров, III-ші орынды Әділет Ержанұлы жеңіп алды.

Қазақ күресінен өткен жарысқа 11 палуан қатысып, I-ші орынды Сайфолла Сағидолла, II-ші орынды Бексұлтан Кішкентаев, III-ші орынды Әділжан Серіков жеңіп алды. Кір тасын көтеруден өткен жарысқа 10 талапкер қатысты. Жарыс жеңімпаздары атанған Ерболат Нұрлыбаев I-ші орынды, Болатбек Қожаров II-ші орынды, Әділхат Ұлтаров III-ші орынды иеленді. Білек күшін сынасудан өткізілген жарысқа 16 талапкер қатысты. Жарыста I-ші орынға Айбек Құсайынов, II-ші орынға Нұрлыбек Ізтұрғанов, III-ші орынға Данияр Утеулиев ие болды.

Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі атынан ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521