Жастар жылына орай көлік қызметкерлері күні қарсаңында «ҚТЖ. Жүк тасымалы» АҚ филиалдарында жас қызметкерлер арасында «Мен теміржол әулетінің мұрагерімін» байқауы өтті.
Байқау қорытындысымен Мақат локомотив пайдалану депосының 2-класты машинисі Аралбеков Нұрлыбек Тарғынұлы I дәрежелі дипломмен марапатталды.
Аралбековтер әулетінің теміржолдағы жалпы өтілі - 300 жыл.
Әулеттің еңбек жолы, өмір сүру мақсаты осы теміржолмен сабақтас. Ата- баба, әке- ана, аға-інілері осы саланы таңдап, кейінгілері сол жолды жалғап келеді.
Қазіргі таңда ағайынды, әкелі-балалы Аралбековтер өздерінің теміржолда, локомотив шаруашылығында еңбек етіп жүргендерін мақтан тұтады. Сәйкесінше, локомотив депосының жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізуде Аралбековтер сүбелі үлес қосудан жалыққан емес.
Өз тілшіміз