Қазіргі кездегі Еліміздегі болып жатырған індетке байланысты Мақат ауданы медицина қызметкерлерімен дертке шалдыққан науқастарды емдеуде күндіз-түні аянбай еңбек етілуде.
Осындай қиын-қыстау кезеңде, жергілікті атқарушы орган да қарап қалмай, дәрігерлерге қол ұшын созып, көмек беруде. Атап айтқанда, медицина қызметкерлерімен науқастардың үйлеріне шақырту бойынша жедел жетіп, ем-домдарын жасау мақсатында Мақат ауданы әкімдігімен ағымдағы жылдың 17 шілдесінен бастап аудандық ауруханаға кезекші көлік ретінде қызметтік көліктерін көмек ретінде ұсынды.
Ендігі жерде аудан бойынша әкімдіктің 6 қызметтік көлігі Мақат кенті, Бәйгетөбе а/о - 4, Доссор кенті-2, автокөліктер аудан әкімі Ш.Кейкинмен бекітілген кестеге сай кезек-кезегімен күн сайын түңгі уақытта сағат 22.00-ден таңғы сағат 06.00-ге дейін хабар түскен мекен-жайлар бойынша медбикелерді жедел тасымалдаумен айналысатын болады. Бұл да болса, сырқаттанып қалған аудан тұрғындарына медицина қызметкерлерімен дереу арада барып, ем-домдарын уақтылы жасауына өз септігін тигізеді деген ойдамыз.
Аудандық ауруханаға, аудан халқының бірігуімен, оның ішінде кәсіпкерлер, еріктілермен көрсетіліп жатырған көмектеріне аудан әкімі өз ризашылығын білдіре отыра, осындай қайырымдылық шараларда аудан әкімдігі де аянбай қол ұшын созып, көмек көрсететінін хабарлайды.
Аудан әкімдігі