Ауыз судың сапасы қандай?

Ауыз судың сапасы қандай?
фото: egemen.kz
(0 Votes)

Халықты таза ауыз сумен қамтамасыз етудің негізгі шарты - судың микробиологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштері бойынша сапасы мен қауіпсіздігі болып табылады. 

Ауыз су эпидемиялық және радиациялық тұрғыдан қауіпсіз, химиялық құрамы бойынша зиянсыз және жағымды органолептикалық қасиеттерге ие болуы тиіс.

Халыққа берілетін ауыз су сапасы санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізу, объектілерді ерекше тәртіп бойынша тексеру, сумен жабдықтау ұйымдарын өндірістік бақылау барысында қамтамасыз етіледі.

Мақат ауданы бойынша ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған - 1 субъект «Атырау су арнасы» КМК.

Орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтамасыз етілген мекеме саны - 2. Олар: Доссор және Мақат кенті. Аудан халқы Атырау қаласынан тартылған Атырау-Мақат су құбырымен залалсыздандырылған ауыз суды пайдаланады. Ауыз су қазандары су айдау насосты қондырғылармен ауыз суды кент ішкілік су құбырлары арқылы халыққа жібереді.

Жаңадан салынған Мақат кентіндегі ПНС-1 №5,6 ауыз су қазандары сыйымдылығы 3000 куб.м салынып, күні бүгінде аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мекемесінің иелігінде. КМК «Атырау облысы Су арнасы» мекемесіне тапсырылмаған және ПНС-2 №3,4 қазандары апатты жағдайда.

Су тазарту қондырғыларында ауыз су сапасына санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізу мақсатында 2024 жылға аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасымен, сумен жабдықтау нысандарының басшыларымен, аудан әкімдерімен және ҰСО аумақтық филиалдарымен меморандум жасақталып, ай сайын су сынамалары уақытылы алынып отыр.

2024 жылдың 8 айы бойынша мемлекеттік тапсырысқа сәйкес санитарлық-химиялық көрсеткіштері бойынша 33 су сынамасы алынып, сәйкессіздік анықталған жоқ.

Сондай-ақ, санитариялық-паразитологиялық зерттеулерге 33 су сынамасы алынып, сәйкессіздік анықталған жоқ.

Жоғары технологиялық зерттеулер (ВТИ) сараптамаға 12 су сынамасы алынып, 12 су сынамасынан сәйкессіздік анықталған жоқ.

Микробиологиялық сараптамаға 33 су сынамасы алынды. Қаңтар айында Мақат кентіндегі ПНС-2 №2 су қазанынан 2 сәйкессіздік анықталды. Анықталған сәйкессіздік бойынша Су Арнасына қазандарды тазалау, жуу туралы тапсырма берілді.

Су шаруашылығы субъектілерін біліктілік талаптарына сәйкестігі бойынша тексеру кезінде анықталған кемшіліктер бойынша шарасы алынып, бұзушылықтарды жою бойынша ұйғарым берілді.

2024 жылдың 8 айында аудан көлемінде су арқылы берілетін жұқпалы аурулар тіркелген жоқ.

А.Асанова,

аудандық санитарлық-эпидемиологиялық

бақылау басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521