Монданақтағы шаруа қожалық иелеріне жарықтандырғыш лента табысталды

(0 Votes)

Соңғы кездері республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойында үй жануарларының қатысуымен жол көлік оқиғалары жиі орын алып жатады. Осындай оқыс оқиғаларды алдын алу үшін «NСОС» Солтүстік Каспий жобасы компаниясының демеушілігімен «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Атырау облыстық филиалы ауданға қарасты Монданақ елді-мекеніндегі төрт түлік асыраушы тұрғындарға жарықтандырғыш лента табыс етті. 

Аталмыш жарықтандырғыш ленталардың негізгі ерекшелігі - түнгі мезгілде жарық сәулесін шашып, көлік тізгінін ұстаушы жолаушыларға белгі береді. Жарыққа шағылысатын сәуле арқылы жолаушылар жол бойындағы үй жануарларын танып, қауіпсіздік шарасын жасай алады.

Қожалық иелеріне арнайы барған «NСОС» компаниясының қауіпсіздік бөлімінің супервайзері М.Шантеміров, ІІД Әкімшілік Полиция басқармасының капитаны Д.Мырзашев, «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ бөлім бастығы К.Шортабаев, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі Г.Атабаева, Доссор кенті әкімі аппаратының бас маманы Г.Жұмағалиева 250 дана жарықтандырғыш лентаны тегін тарту етті. Тұрғындар бұл лентаны сиыр, түйе, жылқы секілді ірі жануарларға сондай-ақ ұсақ малдарға да тағатын болады. Өз кезегінде қожалық иелері қауіпсіздік жағдайын ұйымдастырғандарға алғыстарын білдірді.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521