"Мереке қарсаңында көпбалалы отбасы пәтерлі болды"

(0 Votes)

Осыдан тура 28 жыл бұрын қазақ елінің тарихы тағы бір жаңаша парақшамен толыққан еді. 1991 жылдың 1 желтоқсанында алғаш рет жалпы халықтық сайлау өтіп, егемен Қазақстанның негізін салушылардың бірегейі болып Н.Ә.Назарбаев тұңғыш рет президент болып сайланды. Өзінің салиқалы саясатымен тәуелсіз қазақ елінің қалыптасу жолында аянбай еңбек еткен елбасымыз, тарихымызды түгендеп, еңсемізді тіктеуге ерекше ықпал етті.

Осынау айрықша күн 2012 жылдан бері Жоғарғы Парламенттің бекітуімен Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке ретінде аталып келеді. Бұл ретте біздің аудан да бұл мерекені ұмыт қалдырмай, Аудандық мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті. Жиында алғаш болып сөз алған аудан әкімі Шәкір Кейкин, ыстық ықыласымен барша аудан тұрғындарын аталмыш мерекемен құттықтады. Ұлтымыздың ұлы жеңістерін оңайлықпен келмегенін тілге тиек еткен аудан басшысы, тәуелсіздік жолында түскен сын сағаттарда тұңғыш президентімізді нар жүгін мойымай көтеретін қажырлы қайраткер, дана саясаткер ретінде елімізді сеніммен алға бастаған тұлға ретінде атап көрсетті.

3a63976e-3447-4030-b8b4-ad9e1577f84c

Ынтымақ пен бірлікке бастайтын атаулы мереке қарсаңында өңіріміздің өркендеп, дамуы жолындағы абыройлы еңбегі еленгендерге аудан әкімі облыс басшысының және өз алғыс хаттарын табыстады. Алғыс алғандардың қатарында бөлім басшыларынан бастап, қарапайым қызметкерлерге дейін болды. Бір тұтас ұлт болып дамудың жолында осылай ешкімді шен-шекпеніне қарап бөле жармай мараптқа іліндіруі көрген жанның көзін сүйсінтті.

e

Көптен бері кезекте тұрған көп балалыларға, салтанатты жиын барысында пәтер кілті табысталды. Осылайша тоғыз отбасының талайдан бергі тілегі орындалып, оларда өз кезегінде ақ алғысын жаудырды.

e6af909b-b02b-4c69-9362-a06b2d4110b0

Салтанатты жиында сөз алғандардың қатарын толықтырған Аудандық мәслихат хатшысы Қуаныш Исмагуловта елбасымыздың еселі еңбегі жайлы айта отырып, жиылған жұртшылықты депуттар корпусы атынан құттықтауды ұмыт қалдырмады.

e47eb00e-eb9d-47a5-aa7d-7a09db85296c

Әлеуметтік-экономикалық дамуға үлес қосты деп аудандық мәслихаттың алғыс хатымен тағы бірнеше тұрғын марапатталды. Осылайша бірінің еңбегі еленіп, бірі пәтер кілтін қолына алып, төбесі көкке екі елі жетпей тұрған тұғындардың көңілін одан әрмен аудан көркемөнерпаздары концерттік бағдарламамен көтеріп тастады. Хабарланғандардың көбісі Республикалық, халықаралық байқаудың жүлдегерлері мен "Гран-Прй" иегерлері.

bfba72d4-2f31-426e-90f6-c9ff556c11bf

Әкелі-балалы Бейсенбай, Қайырбек Әкімгереевтер де "Асыл аналардың" құрметіне кереметтей ән шырқап, шара "Менің Елбасым" әнімен қорытындыланды.

А.САДЫКОВ
Cуреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521