Сұранысқа сай болсаңыз, баспана да табылады

(0 Votes)

Жастар ұйымдастырған ашық есік күнінде "Дипломмен - ауылға" бағдарламасының өңірдегі орындалысы жан-жақты талқыланды.

Мақат кенті әкімдігінің мәжіліс залында жиналған жас мамандарға аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы Гүлмира Құлбаева аталмыш бағдарламаның мақсаты және оның аудандағы орындалысы туралы баяндап, ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді. Әр саланы қалап, бір-бір мамандық иесі атанған жастар үйлі болуға ниетті.

Сондықтан да, құжат тапсырудан бастап, қандай жағдайда баспаналы болу мүмкіндіктері жоғары екендігін сұрады. Сол сияқты, баспанаға қол жеткізу барысындағы күту мерзімі, несие төлеу мерзімі, баспанаға кезекке тұру барысындағы негізгі талаптар туралы сауалдар қойылды. Бағдарлама игілігін иеленген Л.Шахатов атындағы орта мектебі тарих пәнінің мұғалімі Эльвира Татаева баспанаға қол жеткізу сатыларымен бөлісті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521