«Мен сенің далаңда өстім - Мақатым»

(1 Vote)

Орыс ұлтының өкілі Ольга Геннадьевна 1991 жылы Гурьев қаласында дүниеге келген. Қазақ даласында дүниеге келген орыс қызының балалық шағы  мұнайлы Мақат кентінде өтеді.

Әкесі Геннадий Украина елінде ер жетсе, анасы Вера Рессей жерінде дүниеге келген. Екеуі де көпбалалы отбасында тәрбиеленген. Украина елінде кездескен олар біраз жыл сол елде мекен етіп, кейін 1980 жылдары Мақатқа табан тірейді.

«Сол жылдары әкем мен анам басқа жерге қоныс аударғысы келген. Таныстарынан Қазақстанда «Мақат» деген жерде жұмыс бар деп естіген олар көп ойланбастан көшіп келеді. Анам да, әкем де мейірімді жандар. Ешкімнен көмек қолын аямайды»-, дейді Оля.                       

Мұнайлы өлкеге келгеннен кейін ата-анасы СМП-136 құрылыс мекемесінде жұмыс атқарған. Кейін тұңғыштары Оля қазақ топырағында дүниеге келеді. Ол Л.Шахатов атындағы орта мектебінде білім алып, 2009 жылы Доссордағы лицейге "мұнай және газ операторы" мамандығы бойыншы оқуға түседі. Орыс қызымен әңгіме барысында бізді оның қазақшасы таң қалдырды. Мемлекеттік тілді білсең, кез-келген ортада қиналмайсың дейді ол.

«Қазақтың нанын жеп, суын ішіп өскендіктен, қазақ тілін де менің ана тілім деп есептеймін. Мемлекеттік тілде сөйлемесек, білуге тырыспасақ, біздің тәуелсіздігімізге, егемендігімізге қосқан үлесіміз немен өлшенеді?! Барлық қандас бауырларымды қазақ тілін білуге, сүюге, өміріне рухани азық етуге шақырамын»,- дейі Ольга.     

Қазақтың салт-дәстүрін жақсы білетін Оля халқымыздың ұлттық тағамдарын да әзірлей алады. Өз халқының мәдениетімен қатар, қазақ халқының барлық әдет-ғұрпын бойына сіңірген орыс қызы өзінің мұнайлы өлкенің тұрғыны болғанын мақтан етеді.      

«Еліміздің аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері өзара тату-тәтті өмір сүру үшін береке мен ынтымақ, бірлік пен бейбітшілік аса қажет. Түрлі қиын қыстау кезеңдерде қазақ халқы талай ұлт өкілдерін бауырына басып, түр-түсіне ажыратпай, пана болды. Сондықтан бұл мейрамның біз үшін маңызы зор»,- деп әңгімесін аяқтады Оля.

 

М.ІЗТҰРҒАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521