Мектеп оқушылары орталық қызметімен танысты

(0 Votes)

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасына сәйкес, балалар мектеп жасынан-ақ цифрлық технологиялардың тілін түсініп, түрлі электронды жүйені қолдануды үйренуі тиіс.

Осы орайда, Макат кентіндегі М.Баймұханов атындағы орта мектептің 11-сынып оқушылары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Атырау облысы бойынша филиалы аудандық халыққа қызмет көрсету орталығына барып, тыныс-тіршілігімен танысып қайтты. Онда өзіне-өзі қызмет көрсету секторы – Connection Point арқылы азаматтардың өз бетінше электрондық құжаттар, ЭЦҚ кілті, «Telegram» арқылы EgovKz Bot электрондық үкімет порталы арқылы электронды қызметтерді пайдаланып, анықтамаларды алып қайтты.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

AQPARATPRINT