Оқушылар қарттарды іздеп келді

(0 Votes)

Дәстүрлі ұйымдастырылып келетін «Қамқорлық» республикалық акциясы аясында Б.Қанатбаев атындағы орта мектебінде «Қамқорлық – адамгершіліктің белгісі» атты іс-шара өтті.

Акцияның мақсаты жас ұрпақтың бойына адамгершілік, қамқоршылық, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді дарытып, өзге жандардың мұң-мұқтажына бей-жай қарамай, қолдан келгенше көмек көрсетуге тәрбиелеу.

Шара аясында 1-4 сынып оқушылары арасында «Қамқорлық», «Мейірімділік», «Қайырымдылық» тақырыбында көркем-сурет көрмесі ұйымдастырылды. Жақсы салынған суреттерге жүлделі орындар беріліп, мадақтама қағазымен марапатталды.

Сонымен қатар, 8-9 сынып аралығында оқушылар эссе жазып, қамқорлық туралы өз ойларын қағаз бетіне түсірді. Ал «Қайырымдылық – асыл қасиет» тақырыбында 1-11 сыныптар арасында сынып сағаттары өтті.

Мұғалімдер шараға белсене атсалысты. Рейдте өздерінің жауапкершілігіне жүктелген шағын аудандарды аралап, оқушылардың мектептен тыс қалмауын бақылады.

Өткізілген қайырымдылық акциясына мектеп мұғалімдері демеушілік жасап, аса мұқтаж жартылай жетім, көп балалы, аз қамтылған отбасы балаларына 75000 (жетпіс бес мың) теңге көлеміндегі қаржыға киім-кешектер алып берді.

Сондай-ақ, жалғыз басты қарияларға мектеп оқушылары сынып жетекшілерімен бірге тұрмыстық жағдайына көмектесті.

Қ.БЕКМАҒАМБЕТОВА,

Б.Қанатбаев атындағы орта мектебінің әлеуметтік педагогі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521