Аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары кезекті рет Республикалық конкурстан жүлделі оралды.
Өткен аптаның аяғында Атырау қаласында Республикалық «Өнерлі ұрпақ» байқауы ұйымдастырылған болатын. Жас өнерпаздар сынға түскен сайыс әр түрлі жанрлар бойынша өтті. Аудандық мәдениет үйі жанындағы «Шаттық» би тобының қыздары кіші және ортаңғы топтар арасында «Гран-при» жүлдесін жеңіп алды. Сонымен қатар ән жанры бойынша ән үйірмесінің оқушысы Әли Қалыбай да «Гран-при» жүлдесіне ие болды. Ал, драма үйірмесінің оқушыларына өз жанрында І орын бұйырды. Қорытынды бойынша барлық жүлдегерлерге Астана қаласында өтетін конкурсқа қатысуға жолдама берілді.
Оқушылардын осындай жоғары жетістікке жеткізген үйірме жетекшілері К.Айтмұқанқызы, Г.Төленқызы, М.Жаңбырбайқызы және А.Шоқанқызына еңбектері елене беруін тілейміз!
А.ЖҰМАБЕКҰЛЫ