18 маусым күні ауданда санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларының сақталуын бақылау мақсатында мобильдік топ рейд жұмыстарын жүргізді.
Топ құрамында аудан бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Г.Жұмағалиева, аудан әкімі аппаратының азаматтық қорғау және жұмылдыру бөлімінің басшысы Г.Жаконова, аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры Г.Едгеева және аудандық жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторы А.Базарғали болды.
Мониторингтің мақсаты - Атырау облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 16.06.2020 жылғы 50-ПГВр қаулысына сәйкес, карантиндік шаралардың сақталуын бақылау, барлық қажетті жеке қорғану құралдарының, маскалардың, қолғаптардың және қолды өңдеу құралдарының болуын қадағалап, адамдардың арасында әлеуметтік қашықтықты сақтауын ескерту.
Аудан бойынша азық-түлік дүкендеріне, қоғамдық тамақтану орындарына (мейрамханаларға), ұсақ-түйек және ет дүкендеріне ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, сақтық шаралары қатаң түсіндірілді. Осы бағыттағы ақпараттық түсіндіру жұмыстары өз жалғасын шектеу талаптары аяқталғанға дейін жүргізілетіні туралы ескертіліп, талаптар сақталмаған жағдайда заң шеңберінде жауапкершілікке тартылатындығы туралы ескертілді.
Өз тілшіміз