Доссорлықтар енді теміржолдан еш алаңсыз өтеді

(0 Votes)

Мұнайлы Доссор керегесін кеңейткелі кенттің ортасын бөліп тұрған теміржолдан өту ауыл тұрғындары үшін аса қауіпті болатын.

Күніне 50 шақты пойыз жүйіткитін болат жолдан тұрғындар автокөліктермен бірге сабылысып өтетін. Енді кенттің «Бірлік» және «Ынтымақ» ықшам ауданы тұрғындарын жылдар бойы мазалап келген мәселенің шешімі табылды. Бұдан былай кент орталығына тұрғындар теміржолдан қауіпсіз жол арқылы қатынайтын болды. Өйткені шойын жолдың бойынан жаяу жүргіншілерге арналған өткел салынды.

49ce5783-cc5c-4bcb-a770-9de1b152c680

«Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек қаңтар айында өңірге келген жұмыс сапарында тұрғындар осы мәселені көтеріп, мәртебелі мейманнан көмек сұраған болатын. Ол мәселенің шешілуін қадағалауды партиялық бақылау комиссиясына жүктеген еді. Осылайша тұрғындарды талай жыл мазалап келген мәселе халық қалаулысының ауданға бір ғана табан тіреуімен шешілді. ПЧ-9 Атырау жол жөндеу мекемесі №4 телім бастығы Айса Қожасұлының мәліметінше өткел астына шебень тастары төселіп, үстіне бетон құйылған.

ba7e18ac-245a-4ca4-81ec-62585aef3402

Жалпы ұзындығы - 10 метр болса, ені - 1 метр 93 сантиметр. Елең алаң болған ел үшін шойын жолға қауіпсіздік белгілері қойылып, айналасы жарықтандырылған. Сондай-ақ, қозғалысты реттеу үшін бағдаршам және пойыздың жақындағанын білдіретін дыбыстық белгі орнатылған. Автокөлік пен жаяу жүргіншілер өткелі бір метр жарым арақашықтықта орналасқан. Енді тұрғындар өз жолымен жүруге міндетті.

ba4c3032-605a-4f7d-b825-e9213cee73f1

Ескермесе әкімшілік жауапқа тартылып, аяғы айппұл төлеуге апаруы мүмкін. Айта кетейік, енді осы теміржол өткелінен бастап «Бірлік», «Ынтымақ» ықшам аудандарына 4,5 шақырым автокөлік және жаяу жүргіншілер жолдары салынбақ. Сондай-ақ, 29 шақырым көше жарығын тарту жоспарланып отыр. Қазір жобалардың сметалық құжаттамасын жасақтау рәсімдері аяқталып, осы айдың ішінде жеңімпаз анықталуы тиіс деп күтілуде.

М.ІЗТҰРҒАНОВА
Суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521