Ағымдағы жылдың 12-14 мамыр күндері аралығында Мақат кентінде «Абайлаңыз, балалар!» жедел профилактикалық іс-шарасы өтті.
Оны Мақат АПБ ЖПҚб ППТ аға инспекторы полиция аға лейтенанты Әділбек Мулхайдаров жол-көлік оқиғасының алдын алу, жол ережесін түсіндіру мақсатында Мұса Баймұханов мектебінің жас полиция көмекшілерімен бірлесіп ұйымдастырды.
Полиция бөлімінің өкілдері өскелең ұрпақты санасына саңылау болатын істерді бұдан былай жиі өткізіп тұруды қолға алмақ.
Себебі елімізде балалардың жол-көлік апатының құрбаны боп қалып жатқан жағдайлардың саны азаяр емес.
"МТ"