Мақаттағы орталық ауруханаға жедел жәрдем көлігі берілді

(0 Votes)

«Nur Otan» партиясы Атырау облыстық Партиялық бақылау комиссиясының ауданға жұмыс сапары барысында аудандық орталық ауруханаға жаңа жедел жәрдем автокөлігі берілді.

Көлік кілтін табыстау шарасына «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Ожаев, партиялық бақылау комиссиясының мүшелері, аудан әкімдігінің жауапты тұлғалары мен медицина мамандары қатысты. Мұнайлы мекенге осындай сыйлық жасалуы халық үшін үлкен қуаныш болды. Өйткені, ендігі уақытта ауырған жандарға жедел жәрдем көліктері арқылы жылдам медициналық көмек көрсетуге жағдай жасалды.

8416e6c0-a139-4829-b8b2-1c13a632cd15

«Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек қаңтар айында жұмыс сапарымен ауданға келгенде ауыл ақсақалдары аудан орталығы Мақат кентінде жедел жәрдем көлігінің жетіспеушілігін қозғаған болатын. Себебі 15 мың халқы бар кентте жедел жәрдем көлігі біреу болатын. Осы мәселе бойынша аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Халенов ауыл ардагерлері атынан мәселені көтеріп, автокөлік қажет екендігін айтты. Кейін осы жағдай партияның қатаң бақылауда болып, облыстық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен бүгін қуанышты жағдай орын алып жатыр»,- деді аудан әкімі Шәкір Кейкин.

bb280884-f8aa-4fa8-9f17-37b73639904a

Су жаңа жедел-жәрдем көлігінің кілтін облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров аудандық орталық аурухананың басшысы Батырбек Ондасыновқа табыс етті. Шара барысында «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Ожаев құттықтау тілегін жеткізіп, медицина қызметкерлерінің жұмысына сәттілік тіледі. Жаңа автокөлік науқасқа алғашқы көмек көрсету құрылғыларымен толық жабдықталған. Кент тұрғындары бастары ауырып, балтыры сыздай қалған жағдайда жедел жәрдем шақыртуы күрделі мәселе болып келген еді. Ендігі уақытта орталық аурухананың жаңа жедел жәрдем көлігі науқастарға жедел көмек көрсететіні анық.

Айта кетейік, бұл медицина қызметкерлері күні қарсаңында жасалып отырған тарту.


М.ІЗТҰРҒАНОВА
Суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521