Атырау облысы ішкі істер департаментінің бастығының 2020 жылдың 15-18 маусым аралығында шығыс 1-30-2-23/3922-И санды нұсқауын орындау мақсатында бүгінгі күннен бастап «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» акциясы басталды.
Аталмыш іс-шараның мақсаты, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу. Осы бағытта аудан көлемінде Мақат аудандық полиция бөлімінде есепте тұрған тұлғалардың тұрғылықты мекен-жайларына барып, профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.
Полиция бөлімінің жеке құрамның барлық қызметкерлері жұмылдырылып, аудан көлеміндегі жұмылдырылған күштер белгілі бір бағытта бөлініп, құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды болдырмау үшін олардың алдын алу мақсатында, жоспарлар, шаралар, рейдтер ұйымдастырылуда.
К.Серикбаева,
Мақат АІІБ-нің ЖПҚ-ның
ЮПТ КТІЖ инспекторы
полиция аға лейтенанты
Сурет: ашық дереккөз