Мақатта жыл басынан бері жол-көлік апатынан 14 адам қаза тапты

(0 Votes)

Аудан аумағында полицейлер жол-көлік оқиғасының алдын алу, жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында рейд өткізді. Іс-шара барысында жүргізушілерге жол ережесі, көлік басқару мәдениеті түсіндірілді. Рейд кезінде жылдамдықты асырған, көлігіне мемлекеттік тіркеу нөмірін және қауіпсіздік белдігін тақпаған, сақтандыру полисі жоқ, балаларға арналған кресло қондырмаған, көлік әйнегін қараңғылап, ұялы телефон пайдаланған 26 жүргізуші анықталып, оларға айыппұл салынды. 

«Мақсатымыз – жол-көлік оқиғаларын алдын алу. Қазір облысымызда жол-көлік оқиғалары көбейіп отыр. Ең бірінші халыққа жеткізетініміз – жылдамдықты асырмай, қарсы бағытқа шықпай және республикалық маңызы бар трассаға жолға шығар кезде ұйқыны қандыру қажет.

Ауданның ішінде де автокөлікті жәй айдау керек. Қазір каникул уақыты ауыл ішінде жүретін балалар саны көп. Сондықтан қауіпсіздік шараларын ұмытпайық»,- дейді Атырау облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ерлан Биғамбаев.

Айта кетейік, жыл басынан бері республикалық маңызы бар тас жолдардың ауданындағы бөлігінде, яғни, «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» және «Атырау-Доссор-Ақтау» трассасы бойында 10 рет жол-көлік оқиғасы болып, 14 адам қаза тапқан.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT