Мақатта ұстаздар арасында спартакиада өтті

(0 Votes)

Ауданда ұстаздар арасында ардагер спортшы Әділбек Ерғожиевты еске алуға арналған спартакиада ұйымдастырылды. Волейбол, үстел теннисі, футзалдан өткен іс-шараға аудандағы 8 мектептен 80-ге жуық мұғалім қатысты. Жарыс нәтижесінде І орынға Б.Қанатбаев атындағы орта мектебі, ІІ орынға Л.Шахатов атындағы орта мектебі, ІІІ орынға С.Шәріпов атындағы мектеп-интернатының ұстаздары ие болды.

Әділбек Ерғожиев1970 жылы Мақат кентінде дүниеге келген. Дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша білім алған ол еңбек жолын мұғалім болып бастап, аудандық спорт бөлімінің басшысына дейін жоғарылады. Саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған ардагер спортшы облыс көлемінде тәлімгер ұстаз атанды.

«Әділбек Шойынбайұлы ауданның спорт саласына еңбегі сіңген азамат. Яғни, спорт мектептерін ашуға септігін тигізіп, жас спортшыларды тәрбиелеп, биік белестерді бағындыруға өз үлесін қосты. Биылғы жылы өмірден озғанына 4 жыл толуына орай алғаш рет мұғалімдер арасында турнир ұйымдастырып отырмыз», - деді аудандық білім бөлімінің басшысы Айбол Долдашев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36. makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

Әлеуметтік желілеріміз