Мақатта футзалдан қайырымдылық турнирі өтті

(0 Votes)

Жақында аудан орталығындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің футбол алаңында шағын футболдан қайырымдылық турнирі ұйымдастырылды.

16 команда қатысқан доп додасында кіші финал, яғни үшінші орын үшін талас мақаттық «Қуаныш» және құлсарылық «АбуБакр» командаларының арасында болды. Ойын нәтижесінде қола жүлдеге «Қуаныш» қол жеткізді. Ал финалдық кездесуде тағы бір Құлсарыдан келген «СМП-224» командасы жергілікті «Самраттан» басым түсті.

Турнирдің жекелеген үздіктері де назардан тыс қалмады. Атап айтар болсақ, Наурызбек Амандықов «СМП-224» үздік ойыншы, Бекзат Аманқос «Cамрат» үздік шабуылшы, Амандық Дюсенғалиев «АбуБакр» үздік қорғаушы, Ғалымжан Нарымбаев «Қуаныш») үздік қақпашы аталымдарымен марапатталды.

Қатысушылардан жиналған 300 мыңнан астам қаражат Бәйгетөбеде салынып жатқан мешіттің құрылысына жұмсалатын болады.

А.ЖҰМАБЕКҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36. makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

Әлеуметтік желілеріміз