Ауданда 2020 жылдың 3 айында 1 337 шағын бизнес субъектілері тіркелді, бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен 0,8 пайызға өсіп отыр.
Оның 1 173 жұмыс істеп тұрғаны немесе тіркелгендер 87,7 пайызы. Оның ішінде 96 заңды тұлға, 36 шаруа қожалығы, 1205 жеке кәсіпкер. Осы кәсіпкерлік құрылымдарда барлығы 2028 адам жұмыс жасайды (өткен жылмен салыстырғанда 5,6 пайызға өсті).
Ал, ауыл шаруашылығы саласы бойынша, ауданда меншіктің барлық түрлеріндегі шаруашылық 143,7 тонна ет, 164,3 тонна сүт және 4,1 мың дана жұмыртка өндірілді. Яғни бұл көрсеткіш былтырғы жылдың осы мезгілімен салыстырғанда 8,9%, 1,2%, 2,5% өсіп отыр.
Шаруашылықтың барлық меншік түрі бойынша 7222 мал бағылуда. Бұл өткен жылдың осы мезгілімен салыстырғанда 4,1 пайызға өсті. Оның ішінде: мүйізді ірі қара мал – 1682 бас (2,9%), қой мен ешкі – 3650 бас (3,0%), жылқы – 1375 бас (9,0%), түйе - 515 бас (3,4%).
Аудандық ауыл шаруашылық
және кәсіпкерлік бөлімі