Мақатта өртке қарсы рейд өтті (+ВИДЕО)

(0 Votes)

Өткен аптада Мақат ауданында екі өрт оқиғасы тіркелді.

Тілсіз жаудың біріне доссорлық тұрғынның салғырттығы себеп болды. Үй ішінде шылым шегемін деп көрпе-төсенішін қызыл жалынға ораған ол өрт қауіпсіздігін сақтамағаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 410-бабының 1-тармағымен әкімшілік жазаға тартылды.

8415a4a5-6c53-4f93-88e6-eadd3ac7dc05

Сондай-ақ, Мақат кентінде де ашық қорадағы 50 түк шөп отқа оранып, соның салдарынан үй иесінің бетін 1-2 дәрежелі күйік шалды. Осындай оқыс оқиғалар қайталанбас үшін ауданда кезекті рейд шарасы ұйымдастырылды. Төтеншеліктер жергілікті жұртқа жадынамалар таратып, тілсіз жаудың алдын алу амалдарын түсіндірді. Көшелерде дауыс ұлғайтқыш құралы арқылы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

f2539ea3-97f4-46b5-83ae-f90c675b1cb1

“Жылыту маусымында өрттердің және өрттен адамдардың қаза болуын, табиғи және көмірқышқыл газына улану жағдайларының алдын алу мақсатында, тұрғын секторда үгіт-насихат жұмыстарын жүргізудеміз. Рейдтік шара аудандық өрт сөндіру бөлімі, жергілікті атқарушы органдардың, газ, полиция қызметкерлері және волонтерлармен жүргізілуде”,- деді аудандық ТЖБ-нің бастығы А.Камалов.

f4f5f2c4-41bf-45bc-bc32-ea9b35db19ec

Жалпы ауданда жыл басынан бері 8 өрт оқиғасы тіркелген. Оның бесеуі автокөлікте, үшеуі тұрғын үй секторында орын алды. Бір қуантарлығы, бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3 оқиғаға аз.

 

Мөлдір Ізтұрғанова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT