«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту»: Атырауда 15 медициналық нысанның құрылысы аяқталды 

(0 Votes)

Атырау облысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында  6 фельдшерлік-акушерлік пункт және бір дәрігерлік амбулатория  мен 11 медициналық пункт салу жоспарланған,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Олардың ішінде 2023 жылы 2 медициналық пункт және 1 ФАП  пайдалануға берілді. 2024 жылдың желтоқсанында Индер ауданының Есбол ауылына дәрігерлік амбулатория, Исатай ауданы Жасқайрат ауылына және Құрманғазы ауданындағы Азғыр, Жасталап, Батырбек, Қоңыртерек, Афанасьева ауылдарына  медициналық пункт,  сондай-ақ Кудряшов пен Арна ауылына  ФАП салынды. Қазыр Құрманғазы ауданының Жалғызапан, Жамбыл және Әліпова ауылындағы нысандарды теңгерімге беру жұмыстары жүргізілуде. 

- Ұлттық жоба аясында жоспарланған 18 нысанның 15-і толық аяқталды.  Қалған  үш нысанда құрылыс жұмыстары  жалғасуда. Құрманғазы ауданының Көптоғай ауылындағы ФАП 85% дайын ал, Қызылқоға ауданындағы Жамансор және Жантерек ауылдарындағы медициналық пункттердің құрылысы 50%-ға орындалды, - деді облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрберген Құсайнов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT