Ардагерлер «Сарайшық» сапар орталығына сапарлап қайтты

(0 Votes)

Махамбет ауданы, Сарайшық ауылында «Сарайшық» тарихи-мәдени мұражай-қорығының аумағында орналасқан сапар орталығының ашылу салтанатына мақаттық ардагерлер қатысып қайтты.

Тарихи өлкеге аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәбит Халенов бастаған бір топ ардагерлер сапарлатып, тарихи сәттің куәсі болып қайтты. Шара басталмас бұрын, аудан ардагерлері киіз үй ішінде ұйымдастырылған көрмені аралап, аңызға толы Сарайшықтың тарихымен танысты.

Аудан ардагерлері бұл жер туризмнің мекеніне айналатынын осы өңірге сапарлап келгенде сезгендей болдық деген пікірін білдірді.

«Облысымызда осындай тарихи нысанның бой көтергеніне қуаныштымыз. Аталған нысан тарихымыздан сыр шертіп ғана қоймай, болашағымыздың бүтін болуына да ықпал етеді. Сонымен қатар, бұл орталық туристердің көп келетін орынына айналатынына ешқандай күмәніміз жоқ», - деді ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәбит Халенов.

Айта кетейік, «Сарайшық» сапар орталығында экспозициялық көрме залдары, қор қоймасы, конференц-зал, сондай-ақ, зертханалық және реставрациялық бөлмелер, электронды деректер базасы бар кітапхана орналасқан. Орталықта дәріс өткізуге арналған алаңдар, ашық аспан астындағы музей және этноауыл бар.

Ә.ҚАСЫМ

Суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT