МАҚАТҚА ТАСҚЫН СУДАН ҚАУІП БАР МА?

(0 Votes)

Арнасынан асқан Сағыз өзенінің ағысы Мақат ауданына да жақындап қалды. 

Доссор кентінен 20, Бәйгетөбе ауылдық округінен 10 шақырым қашықта орналасқан №472 бекеттегі шаруа қожалықтарына су келу қауіпі бар. Бұны алдын ала ескерген аудан әкімі Ринат Ибаргимов бастаған аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия мүшелері сол жаққа барып, жағдайды бақылып келді. Қазір ондағы 3 шаруа қожалығының айналасына топырақ төгіліп, бөгет тұрғызылуда. «Қызылқоға ауданынан бастау алған Сағыз өзені Мақат ауданы аумағымен өтуіне байланысты аудан әкімі бастаған аудандық төтенше жағдайлар комиссиясы мүшелері болып өзеннің жағдайын аралау жұмыстарын жүргізудеміз.

Өзен Бәйгетөбе, Доссор кентінде орналасқан елді-мекендерге қауіп төндіріп тұрған жоқ. Қазіргі уақытта №472 бекетте орналасқан шаруа қожалығына су жайылымға шығып жақындауына байланысты «Доссормұнайгаз» МГӨБ-ның бір бірлік техникасы айналасын бекіту жұмыстарын жүргізуде»,- дейді аудандық ТЖБ басшысы Аслан Камалов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT