МАҚАТТЫҚ ЕРІКТІЛЕР ҚЫЗЫЛҚОҒАҒА КӨМЕККЕ БАРДЫ

(0 Votes)

Мақаттықтар қиын-қыстау шақта Қызылқоға халқына қолұшын созып қайтты. Ойыл өзенінің жағасын бекіту жұмысына 40-қа жуық ерікті атсалысты. Сондай-ақ, аудан халқының атынан азық-түлік және қапшықтар жеткізді. 

«Өздеріңіз білетіндей бірнеше күннен бері Ойыл өзенінің негізгі тасқын суы Миялы ауылына қауіп төндіріп, ауыл азаматтары дамбы соғып, жаға нығайтып, құм толы қапшықтармен бекіту жұмыстарын жүргізуде. Өз кезегінде осы жұмыстарға күш біріктіру мақсатында Мақат ауданынан 40-қа жуық ерікті азаматтар көмекке барып, Миялы ауылына тасқын судың кіріп кету қаупін алдын алу жұмыстарына қол көмектерін көрсетті. Бүгінде Миялы ауылында қауіптің беті бірте-бірте сейіліп, су деңгейі түсуде. Осы орайда, қиын сәтте көршілес Қызылқоға ауданына көмекке барған аудан азаматтарына алғысымды білдіремін», - деп жазды аудан әкімі Ринат Ибрагимов өз әлеуметтік желі парақшасында.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT