Қиын сәттегі келесі көрініс “біздің бірге екенімізді” һәм ауызбіршілігіміздің әлі де мол екенін дәлелдегендей. Бұлай деуімізге кеше ғана аудан кәсіпкерлерінің мешіт жамағатымен бірлесіп жасаған игі шарасы себеп болып отыр.
Аты жаман аурудың адам денсаулығынан бөлек нарықтағы бағаға да әсері етіп отырғаны жасырын емес. Бұндай қарбалас кезінде “қалтасы қалың” адамның өзі тамағының талғамына сайлығына емес, табылғанына қуанып отыр. Ал осындай аумалы төкпелі - өтпелі кезеңде өзімізге өзіміз қолдау танытпасақ - елдігімізге сын болар.
Қасиетті жұма күні бас имам бастап, кәсіпкерлер қостап Мақат кентіндегі аз қамтылған 24 отбасыға азық-түлікпен қолдау көрсетті. Азық түліктен бөлек, жиылған қаржыға жылқы малы алынып, еті теңдей ғып аталған жанұяларға үлестірілді.
Бұл игі шара бұйыртса, алдағы жұмада Доссор кентінде де жалғасын табады дейді Мақат ауданы орталық мешітінің бас имамы Біләл Сүннетқожаұлы.
Алла разылығы жолындағы әр берілген садақа - бәле жаланың алдын алары анық.
А.САДЫКОВ