Мақат ауданында 8 шілдедегі мәлімет бойынша – 133 COVID-19 жағдайы анықталды.
Соның ішінде Мақат кенті- 85 жағдай, Доссор кенті бойынша – 48 жағдай тіркелген.
Бүгінгі таңда, 18 адам емделіп шықты, 113 адам науқас, 2 адам қайтыс болды.
Сол себепті, аудан тұрғындарынан қатаң шектеу шараларын сақтауды сұралады:
1) азаматтардың тұратын және жүріп-тұру орындарынан шығуына санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды, маскалық режимді және 1,5-2 м әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтауға;
2) адам көп шоғырланатын жерлерге баруға тыйым салынады;
3) отбасылық шараларды, оның ішінде той, құдалық, мерейтой, туған күн, шілдехана, еске алу және т.б. ұжымдық шараларды өткізуге тыйым салынады;
4) 65 жастан асқан аудан тұрғындары аса бір қажеттілік болмаған жағдайда үйлері мен пәтерлерінен далаға шықпауға;
5) жұмыс орындарыңызда да күнделікті инфекциядан сақтану ережелерін қолданып, бетпердемен, антисептиктер пайдаланып жүру қажеттілігін ұмытпаңыздар!
Мақат аудандық жедел штабы
Сурет: ашық дереккөз