Демалыс күндері жеке көлікпен өңірлерге сапарлауға рұқсат жоқ

(0 Votes)

Өздеріңізге мәлім, Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 4 шілдедегі №52 ПВГр «Атырау облысы аумағында коронавирус инфекциясының таралуын азайту бойынша қатаң карантиндік шектеулер еңгізу туралы» қаулысына сәйкес, Атырау облысының аумағында 2020 жылғы 5 шілде сағат 00:00-ден бастап, 19 шілде сағат 00:00-ге дейін қатаң шектеу шаралары енгізілді.

Қаулы ережесіне сай ауданның азық-түлік дүкендері сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін, ал, дәріханалары сағат 08:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс жасауға рұқсат берілген.

Аталған қаулының 2 бөлімінің 1 тармақшасына сай, кент, ауылдық округ ішаралық маршруттар қозғалысы тоқтатылды.

Сондай-ақ, сенбі және жексенбі күндері тұрғындар жеке көліктерімен өзге өңірлерге шығуға рұқсат етілмейді. Өйткені дәлелсіз құжаттармен өзге жерлерде (Атырау қаласында немесе өзге аудандарда) жүрсеңіз айыппұл салынады. Бұл жоғарыда аталған қаулының 2 бөлімінің 5 тармақшасында айтылған.

Мақат аудандық жедел штабы

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT