«COVID-19» коронавирустық инфекциясы бойынша эпидемиялогиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес Мақат ауданы «қызыл аймаққа» енді»,- деп хабарлайды Мақат аудандық жедел штабы.
Аудан тұрғындары арасында коронавирустық инфекциямен сырқаттану жағдайларының күн сайын өсуіне орай аудан аумағында эпидемиологиялық ахуал тұрақталғанға дейін санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Мақат ауданының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері 30 желтоқсанда №16 «Мақат ауданы тұрғындары арасында коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында карантиндік шараларды күшейту туралы» қаулысы қабылданды.
Қаулығы сәйкес, ауданың аумағында 2020 жылғы 31 желтоқсан сағат 00:00-ден бастап, эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін шаруашылық және (немесе) өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу шаралары енгізілді.
М.ІЗТҰРҒАНОВА
Сурет: ашық дереккөз