«Ер болсаң дұшпаныңа найзаң тисін, бай болсаң еліңе пайдаң тисін» деген ұлағатты сөзбен ұштасқан атымтай жомарттық ұғымы ұлттық болмысымызда әуелден бар.
Титімдей ғана тәжвирус дүниені дүрліктірген сәтте әлемнің әр халқы әлі жеткенше өзінше күресіп бақты. Бұл ретте білегін сыбанып, барымен бөлісе білген қайырымды кәсіпкерлер біздің арамыздан да көптеп табыла білді.
Атырау облысының жыл қорытындысы бойынша пандемияға қарсы күресте халыққа қол ұшын берген олардың еңбегі елеусіз қалмады. Облыстан келген алғыс хаттарды аудан әкімінің орынбасары Б.Сәрсеннің өзі табыстады.
Атырау облысы әкімінің алғыс хатына С.Қуанышев, Н.Сембаева ие болса, Атырау облысы мәслихатының алғыс хатымен М.Аманиязов пен Ә.Асқарбек марапатталды. Ал, А.Өтегенұлы мен М.Камалов Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының алғыс хатына ие болды.
А.САДЫКОВ