Тұңғыш Президент күніне орай бүлдіршіндердің сүйікті мекеніне айналған №54 балабақшасында «Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы» тақырыбында мерекелік тәрбие сағаты өтті.
Іс-шара балабақша тәрбиеленушілеріне Елбасы Н.Ә.Назарбаев туралы мағлұмат беру, оның еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып патриоттық сезімдерін арттыруды мақсат етті.
Шара барысында бүлдіршіндер әнұран орындап, мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетті.
Одан әрі арнайы дайындалған көрме таныстырылып, балалар Елбасының жастық шағы мен отбасы туралы мәлімет алып, алғашқы еңбек жолынан бастап, ел басқарған шағына дейінгі кезеңімен танысты.
Сондай-ақ, бүлдіршіндер Елбасыға арналған тақпақ оқып, тәрбиешінің жолдаған сұрақтарына жауап берді.
Өз тілшіміз