МАҚАТ АУДАНЫ ҒАСЫР БЕЛЕСІНДЕ

МАҚАТ АУДАНЫ ҒАСЫР БЕЛЕСІНДЕ
(0 Votes)

 Бүгін ауданның 100 жылдығына арналған “МАҚАТ  АУДАНЫ  ҒАСЫР БЕЛЕСІНДЕ”атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Ғылыми конференция Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталды.

Аталмыш іс шарада сөз алған аудан әкімі Азамат Мәмбетов тарихи дамуы барысында ауданның экономикалық және әлеуметтік мәселелер жағдайында талай өзгерістерді бастан кешіріп, бүгінде лайықты межесіне жетіп отырғандығын айтып өтті.

Сондай-ақ, 100 жыл ішінде ауданның жеткен жетістіктері мен атқарылған жұмыстары ауқымды екендігін жеткізді.

Одан әрі Мақат ауданының «Құрметті азамат» атағын бірқатар сала азаматтарына табыстап, түрлі саланың ардагерлері мен мамандарын “Ауданның 100 жылдығы” мерекелік медалімен марапаттады.

Сондай-ақ, шара барысында ауданның “Құрметті азаматы” Сәлімжан Нақпаев мәртебелі меймандарды осынау тарихи ауданның мерейтойымен құттықтап, аудан әкімі Азамат Саматұлына арнайы сыйлығын табыс етті.

Кейіннен конференцияға жиналған қонақтарға Мақат ауданына арналған арнайы видеоролик көрсетіліп, аудан әкімі Азамат Саматұлы және Мақат ауданының “Құрметті азаматы” Орақ Ерғалиұлы “ҒАСЫРЛАР  БЕЛЕСІНДЕ – Мақат ауданына 100 жыл»  атты шежірелік кітаптың тұсауын кесті.

Әрі қарай ғылыми-тәжірибелік конференцияның спикерлері ауданның қалыптасу және даму тарихын, нәубет жылдарындағы дамуын, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы бастан кешкендерін және ауданының ағарту ісінің қалыптасуы туралы баяндады.

Шара соңында жарық көрген шежіре кітап келген қонақтарға таратылды. 

Ә.Қасым

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521