Ғасыр тойы тойланды

Фото: автордікі
(0 Votes)

 Бүгін ауданда тарихы тағылымға, қойнауы құтқа толы қара алтынның қара шаңырағы саналатын ауданымыздың ғасыр тойына арналған салтанатты іс шарасы өтті.

Салтанатты шарада алдымен сөз алған Парламент мәжілісінің депутаты Дүйсенбай Тұрғанов туған жердің ғасырлық мерейтойымен құттықтап, Парламент мәжілісі төрағасы Ерлан Қошановтың құттықтау хатын табыс етті.

Одан әрі құттықтау сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев ауданның 100 жылдық мерекесіне орай ізгі тілегін жолдап, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы турасында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.

Ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мұнай мен газды өндіріп қана қоймай, оны өңдеу туралы тапсырмасына сәйкес, аудан маңынан жаңа завод құрылысының басталғандығы туралы айтып өтіп, елдің дамуы жолында үлес қосқан бірқатар азаматтарды облыс әкімінің алғыс хатымен марапаттады.

Құттықтаулар легін одан әрі облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Өтешов жалғап, өңірдің тарихи жетістіктері турасында әңгіме өрбітіп, аудан жұртшылығын мерейтоймен құттықтады.

Сондай-ақ, ел игілігі үшін өлшеусіз үлес қосып, еңбек еткен ардагерлерге облыстық ардагерлер кеңесінің «Алып Қыран», «Тәлімгер», «Ел ағасы», «Ардақты ана», «Дауылпаз» ордендерін және «Хиуаз Доспанова» медалін табыстады.

Сонымен қатар, аталмыш шарада аудан әкімі Азамат Мәмбетов тоғыз жолдың торабы, қазақ мұнайының астанасы саналатын ауданның 100 жылдық мерекесімен құттықтап, VІІІ сайланған Мақат аудандық Мәслихатының кезектен тыс ХVІ сессиясының шешімімен ауданның «Құрметті азаматы» атағын және аудан әкімінің алғыс хатын, 100 жылдық мерекелік медалін ауданың өркендеуі жолында үлес қосқан бірқатар азаматтарға табыс етті.

100 жылдық мерейтойға орай «Мақатым-мақтанышым» атауымен жергілікті өнерпаздардың әндер жинағы және «Мақат түні» атауымен күйлер жинағы аудан әкімінің қолдауымен жарыққа шыққандығы айтылып, ән-күй жинақтың тұсауын аудан әкімі Азамат Саматұлы мен жергілікті сазгер Естай Ғинаятов кесті.

Шара соңы аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасып, қонақтарға арнайы дайындалған естелік сыйлықтар табыс етілді.

Б.Қасымова

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521