Мақатта суретшілер сынға түсті

(0 Votes)

Аудандық мәдениет үйінде «Менің отбасым» атты 9-11 жас аралығындағы балалар арасында аудандық суретшілер байқауы өтті. Байқауға ауданымыздың білім ордалары мен өнер мектептерінен барлығы 9 үміткер қатынасты.

Қатысушылар алдымен «Үй тапсырмасы» деп аталатын кезеңде еркін тақырыпта салған суреттерін таныстырды. Кейін кішкентай суретшілер берілген уақыт ішінде сол жерден «Менің отбасым» тақырыбындағы суретті салуға тиіс болды.

51ee178f-145e-45da-8d99-f79f8628aabf
Жарыс нәтижесінде қазылар алқасының шешімімен М.Баймұханов атындағы орта мектебінің оқушысы Д.Құмар, С.Шәріпов атындағы мектеп-интернатының оқушысы А.Ермекқызы, Мақат балалар өнер мектебінің оқушысы Д.Жексенбай, Р.Ғадиев атындағы балалар өнер мектебінің оқушсы Ф.Саламат алғыс хатпен марапатталды. Ал, А.Құнанбаев атындағы орта мектебінің оқушысы А.Сисенбай мен Х.Санбаев атындағы орта мектебінің оқушысы М.Мұстафа ІІІ орынды місе тұтты. О.Сарғұнанов атындағы орта мектебінің оқушысы Н.Жанболат ІІ орынды қанжығаласа, Л.Шахатов атындағы орта мектебінің оқушысы  А.Мұханбет І орынға лайық деп танылды.

  Бас жүлдені Б.Қанатбаев атындағы орта мектебінің атынан байқауға қатысқан М.Қуанышбекқызы жеңіп алды. Барлық жеңімпаздар мен қатысушыларға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар тарту етілді.

                                                                                                                          Н.Сарбасов,

                                                                                                             аудандық мәдениет үйінің әдіскері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521