Бүгін аудандық орталық кітапханада қазақтың бас ақыны, ұлы ойшыл, ағартушы Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойына арналған “Ұлы халықтың - ұлы Абайы” атты әдеби-сазды кеш өтті.
Бұл шара - ақынның өмірі мен шығармашылығын кеңінен танытуға бағытталды.
Аталмыш шараның алғы сөзін аудан әкімінің орынбасары Әсел Қаржауова алып, Абайдың қазақ халқының рухани дамуындағы, ұлттық сананың қалыптасуындағы рөліне тоқталды.
Одан кейін аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәбит Халенов және Бәйгетөбе ауылдық округінің ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ерғазы Жоламанов сөз алып, Абай шығармаларына тоқталып өтті.
Кеш барысында ақынның шығармашылығына арналған арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандар назарына ұсынылды.
Шара соңында кеш қатысушыларына арналған викториналық ойындар ұйымдастырылып, әрі қарай концерттік бағдарламамен жалғасты.
Г.Жұбанышқалиева
Сурет авторы: Б.Серік