Бүгін аудандық Жастар ресурстық орталығында қазақтың ұлы ақыны, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған “Абай - тұтас бір әлем” атты көркем сөз оқуларынан байқау өтті.
Шара аудан тұрғындары арасында Абай мұрасын кеңінен насихаттау, рухани құндылықтарды дәріптеу және ұлы ақынның шығармашылығына деген құрметті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.
Алдымен шара шамылдығы Мариям Серікқызының орындауындағы патриоттық рухтағы “Атамекен” әнімен ашылды. Одан әрі жарысқа қатысушылар “Өлең – сөздің патшасы” және “Кемел сөздің иесі – Абай” кезеңдері бойынша бақ сынасты.
Сайыс қорытындысы бойынша ІІІ орынды Айнагүл Мұқатова, ІІ орынды Мереке Асхатқызы, І орынды Эльмира Орынбасар иеленді.
Ал, қарсыластарын оқ бойы оза шапқан Нұрбибі Қабдол бас жүлдеге ие болып, байқаудың жеңіпазы атанды. Кеш соңында барша қатысушыларға арнайы диплом, алғыс хат және бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Г.Жұбанышқалиева
Сурет автордікі