Кәсіпкер еңбегі еселенді

(0 Votes)

Мереке күндері аудан орталығында «Qazyna» мейрамханасы есігін ашты.

Елімізде кәсіпкерлікті қолдау аясында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы халықтың әлеуетін көтеруге негіз болуда. Жеке кәсіпкер Генадий Биманов мемлекеттік қаржылай қолдау қорынан несие алып, 300 орындық нысанның ел игілігіне айналуына мұрындық болды. Халықтың той-жиынын өткізуге ыңғайлы, сәулеті келіскен сарай заманауи талапқа сай безендірілуімен көзайым болды. Мейрамхана қызметіне жергілікті жердегі жұмыссыздар тартылып, қазіргі таңда 15 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Жаңа нысанның ашылу салтанатына ауыл тұрғындары жиналып, аудан әкімі Жұмабай Қарағаев пен еңбек ардагері Қаби Талпақов тілегін арнап, салтанатты жағдайда лентасын қиды. Ауыл ақсақалдары батасын беріп, әжелер шашу шашты.

Л.НҰРБАЕВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521