«Локомотив Мақат» командасы Жоғары лиганың чемпионы атанды

(0 Votes)

Қазіргі таңда облыс жұрты үшін Мақат пен футбол ұғымы қатар жүреді. Оған себеп соңғы кездегі аудан аяқдопшыларының жетістігі. Еңбектеген баласынан еңкейген кәрісіне дейін доп қуған жерлестеріміз спорттың №1 түрі десе ішкен асын жерге қояды. Біздің ауданда әсіресе жабық жерде ойналатын футзал спорты жақсы дамыған.

Бұған дейін балаларымыз республиканы мойындатып, төрт бірдей ойыншымыз «Атырау» ШФК құрамында өнер көрсетіп, үздік ойыншымыз спорт шебері атағын алса да спортшыларымыз бағындыра алмай жүрген бір белес бар еді. Ол - облыстық біріншіліктен чемпион атану болатын.

Облыстық футбол федерациясына қарасты әуесқойлар арасында төрт лига бар. Биылғы маусымда жоғарғы лиганың өзінде төрт командамыз өнер көрсетті. Солардың ішінен «Локомотив Мақат» командасы турнир аяқталуына бір тур қалғанда мерзімінен бұрын чемпион атанды. Команда құрамында Ержан Шарафиев, Ақылбек Кәрімов, Алтынбек Қосекен сынды белді ойыншылар бар.

Аудан абыройын асқақтатып жүрген футболшыларымызға жеңісті жолдарын жалғастыра беруді тілейміз.

А.Байшуақ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521