Бүгін күрделі жөндеуден өткен мәдениет үйінің ашылу салтанаты өтіп, пайдалануға берілді.
Салтанатты іс шараға дербес бөлім басшылары, аудан ақсақалдары мен кент тұрғындары қатысты.
Ашылу салтанатында аудан әкімі: «Бүгін ауданымыздағы мәдениет ошағының қайта жаңарған күні. Күрделі жөндеу жұмыстарынан өткен мәдениет сарайымыз – ауданның мәдени өміріне жаңа серпін бермек. Заманауи жабдықтармен жабдықталған бұл ғимарат алдағы 10 жылда қызмет ететініне сенеміз»,-деді аудан әкімі.
Сөз кезегін жергілікті композитор Жұмажан Нұрғожаұлы жалғап, аудан әкімінің бұл атқарылған ісіне рақмет айтып, ыстық лебізін білдірді.
Айта кетсек, 2017 жылдан бері жөндеу жұмысын көрмеген мәдениет ордасының ішкі-сырты бөлігі толықтай жаңартылып, сахна мен көрермен залы талапқа сай жабдықталды.
Шара барысында аудан көркемөнерпаздары өз өнерлерін көрсетіп, келген қонақтар ғимарат ішін аралады.
С.Бекарыс
Сурет автордікі


