Бүгін аудандық мәдениет үйінде «Мен бармын!» ҚҚ ерекше балаларының «Өнеріміз өзгеше» атты концерті өтті.
Бұл қор - Атырау облысы бойынша 16 жастан асқан Даун синдромы бар балалардан құралған үкіметтік емес ұйым. Олардың мақсаты күн сәулелі балаларды өнер арқылы қоғамға кіріктіру, ортаға бейімдеу.
Аталмыш шара «Шахерезада» қойылымымен ашылып, әрі қарай көрермен назарына арнайы видеоролик ұсынылды.
Одан әрі, Ева Сатанованың орындауында «Мама» әнімен жалғасын тапты.
Осы шарада түрлі сахналық қойылымдар, отырған жандарға езу қақтырған пародиялар және би өнері көршілік назарына ұсынылып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Осы ретте диагнозға қарамастан, олар театр сахнасын өз шығармашылығымен жандандырды. Бұл балаларына, олардың үлкен мүмкіндіктеріне және жарқын болашағына сенетін осы балалардың ата-аналарының үлкен еңбегі. Толығырақ газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар.
Г.Жұбанышқалиева