Куизшілер олжалы оралды

Куизшілер олжалы оралды
(0 Votes)

 Соңғы кездері жалынды жастардың басын бір ортаға тоғыстырған «Quiz» интеллектуалды ойыны белсенді ұйымдастырылып, игі бастама болуда. Аталмыш ойын білімді жастардың таным көкжиегін кеңейтіп қана қоймай, қазақ тілімізді дамытып, жаңа интеллектуалды орта қалыптастыруды мақсат етеді. 

«Quiz» интеллектуалды ойыны биылғы жылы ұстаздар арасында үлкен сұранысқа ие болды. Атап айтсақ, Атырау қаласында «USTAZ QUIZ» интеллектуалды ойыны екі рет ұйымдастырылып, 473 ұстаз белсенді түрде қатысқан болатын. Игі бастама оқу жылының соңында да өз жалғасын тапты. Жақында 2023-2024 оқу жылын қорытындылау мақсатында «USTAZ QUIZ 3» интеллектуалды ойыны өтті. Аталмыш ойынға Мақат ауданынан Л.Шахатов, О.Сарғұнанов, М.Баймұханов орта мектебінің жас ұстаздары қатысып, озық ойын көрсетті.

Тартысқа толы «USTAZ QUIZ 3» интеллектуалды ойынының нәтижесінде, Л.Шахатов пен М.Баймұханов атындағы орта мектебінің атынан қатысқан «Шахатов жастары» командасы 19 команданың арасынан топ жарып, жүлделі III орынды қанжығасына байлады. Шашасына шаң жұқтырмай, аудан намысын облыстық деңгейде асқақтатқан ұлт ұстаздарын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!

Ж.Қамза

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521