Ауданда субұрқақ іске қосылды

Ауданда субұрқақ іске қосылды
фото: Ә.Қасым
(0 Votes)

Ауданның 100 жылдығы қарсаңында Мақат кенті әкімі аппаратында кент аумағын көркейту, көгалдандыру, абаттандыру бойынша көптеген жұмыстар атқарылуда. Соның бірі - орталық алаңға қойылған «Субұрқақ» шағын сәулеттік пішіні. 

Мемлекеттік сатып алу порталы бойынша жеңімпаз мердігер мекеме болып танылған «ПРОМСЕРВИСРЕАЛ» ЖШС өз жұмыстарын сәтті орындап, кент тұрғындарына арнап орталық алаңда субұрқақ орнатты.

Аталған субұрқақ аптаның сәрсенбісі күні іске қосылды.

Көшенің көркін ашып, әсем көрініс сыйлайтын субұрқақтар ауа райының аптап ыстығында көшедегі жүргіншілердің сергіп салқындауына сеп болары анық. Жергілікті кент әкімі аппараты мамандарының сөзінше, осындай шағын сәулеттік пішінді субұрқақты Алаш көшесіндегі «Туған жер» саябағына орнату жоспарлануа.

Ә.ҚАСЫМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521