Бәйгетөбеде ойын алаңы ашылды

(0 Votes)
Бәйгетөбеде  ойын алаңы ашылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауының бірінде бұқаралық спортты дамыту мәселесіне баса назар аударған болатын. Осы бағытта ауданымызда бірқатар спорт алаңдары, балалар ойын алаңдары ашылып, түрлі спорттық шаралар жүйелі түрде өткізіліп келеді. 

Осыған орай ауданының 100 жылдығы қарсаңында Бәйгетөбе ауылдық округіне қарасты «Мұнайайдаушылар» ықшам ауданы мен ПМС елді мекенінен балалар асыға күткен 3 жаңа ойын алаңы салтанатты түрде ашылды.

Шара барысында алдымен сөз алған аудан әкімінің орынбасары Бекәділ Жайкин ауыл жұртшылығын жаңа ойын алаңының ашылуымен құттықтап, сөз сөйледі.

Өз кезегінде ардагер Ерғазы Оспанұлы да аталған ойын алаңы балалардың игілігіне жарасын деген ізгі-тілегін білдірді.

Әрі қарай салтанатты түрде лента қию рәсімі аудан әкімінің орынбасары Бекәділ Орынбасарұлы мен ардагер Жоламанов Ерғазы Оспанұлына жолданды.

Айта кетейік, балалар ойын алаңын салу жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылып, мердігер «КДС Констрашн» мекемесі арқылы салынған болатын.

Ботакөз Асхатқызы

Суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521