Күшіміз бірлікте!

(0 Votes)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты халыққа үндеу жасаған болатын.

Өз үндеуінде Мемлекет басшысы “Жағдай өте күрделі болса да, біз қиындықты міндетті түрде еңсереміз, барлығын қалпына келтіреміз. Ең бастысы – азаматтардың амандығы. Тасқын судан зардап шеккен азаматтарға айтарым, мемлекет бірде-бір адамды ескерусіз қалдырмайды. Баршаңызға қаржылық және басқа да көмек беріледі. Материалдық шығындар толық өтеледі”, - деді.

Әр қиындықты бірлесе отырып жеңетінімізге сенеміз! Көрші Жылыой ауданынан эвакуацияланған тұрғындарға ауданымыздың әрбір азаматы барынша қол ұшын тигізіп, үлкен жұмыстар жүргізді. Оның бәрі бірліктің жетістігі. Осы бағытымыздан еш таймайық!

Ш.Ишанғалиев,

Мақат аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT