АУДАНДА 2 ОТБАСЫҒА БАСПАНА КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

АУДАНДА 2 ОТБАСЫҒА БАСПАНА КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ
(0 Votes)

 Бүгін аудан әкімінің орынбасары Б.Жайкин Мақат ауданының 100 жылдығы қарсаңында мемлекеттік бағдарлама аясында жергілікті бюджет есебінен сатып алынған жаңа тұрғын үйдің кілтін Мақат кентіндегі 2 отбасыға табыс етті.

Шарада Бекәділ Орынбасарұлы биылғы жылы аудан әкімінің тапсырмасымен әр санаттағы тұрғындарды тұрғын үймен қамту мақсатында ауданымызда тұрғын үйлердің көптеп салынатындығын атап өтіп, тұрғындарды қуаныштарымен құттықтады.

Шарада аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәбит Сүлейменұлы қоныс иелерін құттықтап, өз ризашылығын білдірді.

Жалпы, баспана кілті кезегі келген көпбалалы отбасы мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатындағы азаматтарға берілді.

Мақат ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT